icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Директорлар кеңесі

Ахметов Ербол Сабыржанұлы

Ахметов Ербол Сабыржанұлы

ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары, 2020 жылғы тамыздан бастап Директорлар кеңесінің мүшесі

Туған: 12.07.1980 Қостанай облысы

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Білімі:

2002 жылы Астана қаласында экономист-менеджер мамандығы бойынша С. Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін бітірген

2004 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін Құқықтану мамандығы бойынша бітірген

Еңбек қызметі туралы мәліметтер:

Еңбек жолын 2003 жылы "Қазақстан Республикасының Заңнама институты" ЖАҚ Криминологиялық сараптама бөлімінің кіші ғылыми қызметкері қызметінен бастады.

2005-2007 жылдары "АБК – Құрылыс"Корпорациясы" ЖШС-де экономист, бөлім бастығы, Астана қаласының "АБК Құрылыс-монтаж басқармасы-3" ЖШС-де Бас экономист, бөлім бастығы қызметтерін атқарды.

2005 жылғы 12 қаңтардан 2010 жылғы 2 сәуірге дейін Астана қаласындағы "BI-Group" холдингінің Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарды.

2010 жылғы 21 шілдеден 2012 жылғы 14 қыркүйекке дейін Қостанай облысы Таран ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2012 жылғы 17 қыркүйектен 2013 жылғы 28 маусымға дейін Қостанай облысы Қамысты ауданының әкімі болды.

2013 жылғы 18 қарашадан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Қостанай департаментінің басшысы болып тағайындалды.

2016 жылғы 13 қыркүйектен 2020 жылғы 26 маусымға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Нұр-сұлтан қаласы Департаментінің басшысы болды.

2020 жылғы 26 маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарады.

Директорлар кенесі туралы қағидасы


Директорлар кеңесі туралы ережені бекіту туралы бұйрық