Басқармасының құрамы

Басқармасының құрамы

Қасымбаев Мейірхат Мейрамханұлы

Қасымбаев Мейірхат Мейрамханұлы

Басқарма Төрағасы

1980 жылдың 21 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Экономика ғылымдарының кандидаты. Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. Заңгер және қаржыгер мамандығының иесі. Лондон экономика және саясаттану мектебінде мемлекеттік басқару курстарынан өтіп, Сингапурда біліктілігін арттырған.

Мейірхат Қасымбаев 11 жыл құқық қорғау органдарында және мемлекеттік қызмет құрылымдарында түрлі лауазымдарда қызмет етті. Жол және инфрақұрылымдық құрылыс саласындағы еңбек өтілі 10 жылдан асады.

Мемлекеттік наградалар мен алғыс хаттары бар. Сонымен қатар ол - ауылдан келген оқушыларға қолдау көрсететін IQanat білім беру қорының қамқоршысы.