Басқармасының құрамы

Басқармасының құрамы

Өтебаев Ержан Ғабдулрахимұлы

Өтебаев Ержан Ғабдулрахимұлы

Басқарма төрағасының орынбасары

Ержан Габдулрахимович 1989 жылы РФ Красноярск қаласында дүниеге келген. King ' s School Oxford және The University of Manchester (Ұлыбритания) Университетін "Болашақ" бағдарламасы бойынша экономика және әлеуметтік ғылымдар мамандығы бойынша бітірген. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

Еңбек жолын 2011 жылы "Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік Қоры" АҚ инвестициялық жобалар департаментінің маманы болып бастаған.

2012-2014 жылдары Астана қаласы инновациялық даму және қазақстандық қамту департаментінің менеджері болып жұмыс істеді.

2014 жылдан 2015 жылға дейін «Байтерек Девелопмент»АҚ инвестициялық жобалар дирекциясының Бас менеджері.

2015-2016 жылдары «Байтерек Девелопмент» АҚ активтерді бақылау және басқару дирекциясының директоры.

2016 жылы «Байтерек Девелопмент» АҚ тұрғын үй-құрылыс бағдарламалары дирекциясын басқарды.

2016-2020 жылдары «Байтерек Девелопмент» АҚ инвестициялық жобалар дирекциясының директоры.

2020 жылдан 2021 жылға дейін "Қазақстан Тұрғын үй компаниясы" АҚ-ның жылжымайтын мүлікті басқару департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

2021 жылғы 21 шiлден бастап –"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Басқарма төрағасынын орынбасары.
2021 жылғы 26 тамыздан бастап "ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ Басқарма мүшесі болып сайланды.