- Ұзындығы – 211 км
- Жол санаты - I-a
- Қозғалыс жолақтары – екі бағытта 6 жолақ
- Төлем жолақтары – 12 жолақ
- Төлем алу пункті - 2
- Бақылау аркалары – 4
- Жүйе түрі – гибридті
- Метеостанция – 4
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында жалпы ұзындығы 682 км болатын 4 ақылы учаске бар.
Бірінші ақылы учаске – "Нұр-Сұлтан – Щучинск". Бұл автожол 2013 жылдан бастап ақылы болды.
2019 жылдың қаңтарынан бастап ақылы негізде "Нұр-Сұлтан – Теміртау", "Алматы – Қорғас" және "Алматы – Қапшағай" жолдары іске қосылды.
Ақылы учаскелердің негізгі сипаттамалары
Ақылы автомобиль жолдарымен жүріп өту үшін ақы алу жүйесі
Ақылы учаскеге іргелес елді мекендердің тұрғындары үшін
Ақылы учаскеге іргелес елді мекендерде тіркелген жеңіл көлік құралдарының иелері үшін 365 күнге Абоненттік төлем қарастырылған. Абоненттік төлемді тіркеу үшін көлік құралының иесі ақы алу пункттеріндегі оператордың өкілдеріне жүгінуі және келесі ақпаратты ұсынуы қажет: көлік құралын тіркеу туралы куәлік, жеке куәлік.
Төлем алу пунктінде оператордың өкіліне қажетті ақпарат беру
Абоненттік төлемақы
Оператордың өкілі көлік құралына RFID белгісін орнатады
Маңызды! Алдын ала төлеу бойынша жеңіл автокөлік құралдары үшін жол жүру құны төмен. Төлем жүйелері комиссия алуы мүмкін.