icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

«QAZAVTOJOL» ҰК» АҚ «KAZWAY» модульді павильондары мен өзге де жол бойындағы сервис нысандарын жалға беру бойынша аукцион жариялайды

Жол бойындағы сервис нысандарын дамыту мақсатында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның «Ақылы автомобиль жолдары дирекциясы» филиалы «Нұр-Сұлтан-Щучинск» автожолының км 18-230 учаскесінде орналасқан «KazWay» модульді павильоны мен өзге де жол бойындағы сервис нысандарын уақытша жалға беру бойынша аукцион өткізетіндігін хабарлайды. Аукцион бағаны көтеру әдісі бойынша жүзеге асады.

Жол бойында қызмет көрсету павильондары «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ «Ақылы автомобиль жолдары дирекциясы» филиалының шотына кепілді жарна ретінде 3 айлық жалдау ақысы төленген жағдайда ғана жалға беріледі. Аукцион өткізілмеген немесе қатысушы аукционда ұтылған жағдайда кепілді жарна қайтарылады. Кепілді жарна аукционда жеңіске жеткен қатысушыға шарттың мерзімі аяқталғаннан кейін қайтарылады.

Аукционның басталуы: 2020 жылғы 28-қаңтар күні, сағат 15:00-де (Нұр-Сұлтан қ.уақыты бойынша)
Өткізу орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 10 үй, 33 қабат «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ «Ақылы автомобиль жолдары дирекциясы» филиалының кеңсесі.
Өтініштер 13.01.2020 жылғы сағат 09:00-ден бастап 27.01.2020 жылғы сағат 15:00-ге дейін қабылданады.
Аукционға қатысуға қажетті құжаттардың тізімі мен аукционның Ережелерімен танысу, өтінішті толтыру үшін:
https://qazavtojol.kz/docs/pub/a14d8955d78bc0fceb43f1f91c8f5fe6/default/?&
Қосымша ақпарат үшін: +7 7172 64 87 83