icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ қызметкерлерді құрылысшылар күнімен құттықтады

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ қызметкерлерді құрылысшылар күнімен құттықтады

8 тамыз – Құрылысшылардың кәсіби мерекесіне орай, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Н. Жұқабетов  жол құрылысына өз үлестерін қосып жүрген, Қазақстан Республикасының дамуы жолында аянбай еңбек етіп жүрген қызметкерлерге алғыс білдіріп, Құрмет грамоталарымен марапаттады.  

"Біз күнделікті құрылысшылар үлкен қалаларды, бүкіл елді түрлендіріп жатқанын көріп жүрміз. Әрине, біздің жолшылар мен жобалаушылардың, инженерлер мен өндірушілердің, мердігер ұйымдардың қажырлы еңбегін жоғары бағалаймыз. Бізге артылған міндеттерді ойдағыдай атқаратынымызға сенімдімін. Құрылысшы күні құтты болсын! Денсаулық, бақыт және амандық тілеймін", - деді төраға орынбасары. 

Содан кейін барып, Н.Жұқабетов жол саласының қызметкерлеріне мемлекеттік марапаттарды табыс етті.

8 қызметкер "Құрметті жолшы" медалімен, 10 қызметкер Министрдің Құрмет грамотасымен, 6 қызметкер Министрдің Алғыс хатымен, 10 қызметкер Автомобиль жолдары комитеті төрағасының Құрмет грамотасымен, 5 қызметкер Автомобиль жолдары комитеті Төрағасының Алғыс хатымен, 56 қызметкер Төрағаның Құрмет грамотасымен және 55 қызметкер Төрағаның Алғыс хатымен марапатталды.