icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

 «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Шығыс Қазақстан облысы филиалының жұмысын  тексеріп шықты

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Шығыс Қазақстан облысы филиалының жұмысын  тексеріп шықты

         «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Шығыс Қазақстан облысы филиалының жұмыс барысымен танысып шықты. 615-1073 шақырым аралығындағы «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» жобасы толық тексерілді. Іс-сапар барысында жұмыс өндірісінің қарқынын жеделдету және сапаны күшейту мәселелері көтерілді. Қайта құру учаскесін тексеру барысында «ҚазАвтоЖол» Ұ» АҚ басшысы күн сайын айналма жолдарды күтіп ұстауды және ағымдағы жылдың соңына дейін жаңа төсем бойынша қозғалысты қамтамасыз ету қажеттілігін бақылауға тапсырма берді.   

Сондай-ақ, А. Мұратұлы «Қалбатау-Майқапшағай» 906-1321 шақырым жобасы бойынша кеңес өткізді. Ол жоба бойынша  жұмыстарды «СП КазГерСтрой» ЖШС компаниясы және «Синьсин» ЖШС Құрылыс және дамыту бойынша қытайлық Компаниясы жүргізеді. Сонымен қатар, сапар барысында «Семей – Қалабатау» және «Таскескен-Бақты» автожолдарының учаскелерін күтіп ұстау бойынша ескертулер жасалды.

Бұдан әрі мердігерлік компанияға құрылыс жұмыстарын кестеден одан әрі кешіктермеу туралы қатаң ескерту жасалды.