icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

«Меркі-Бұрылбайтал» автожолында  жаңарту жұмыстары жалғасуда

«Меркі-Бұрылбайтал» автожолында  жаңарту жұмыстары жалғасуда

 

Республикалық маңызы бар «Меркі-Бұрылбайтал» автомобиль жолының 262 шақырымын жаңарту жұмыстары жалғасуда. Бас мердігер – «Синьсин» Қытай Құрылыс және даму компаниясы ЖШС / «АБК-Автодор НС» ЖШС құрамындағы Консорциум. Сапаны бақылауды «Аркада KZ» ЖШС жүзеге асырады.

Бүгінгі күні 7 млн. 810 мың м3 жер жұмыстары, 244,3 шақырым төсем қабаты, 231,1 шақырым төменгі негіз қабаты, 208,6 шақырым жоғарғы негіз қабаты, тығыз к/з асфальтбетон жабынының 203,1 шақырым төменгі қабаты және 65,7 шақырым жоғарғы жабын қабаты (ЩМА) орындалды. 257 су өткізу құбыры салынып, 20 көпір мен жол өтпелерінің құрылысы аяқталуда.  

Құрылысқа 570-тен астам техника мен 980-нен астам адам жұмылдырылды. Құрылыс жұмыстарын аяқтау 2022 жылға жоспарланған.