«Меркі-Шу-Бұрылбайтал» автомобиль жолындағы қозғалыс шектеуі алынып тасталды
Республикалық маңызы бар «Меркі-Шу-Бұрылбайтал» автомобиль жолындағы (жаңарту учаскесі) көлік құралдарының барлық түрлері үшін қозғалысты шектеу алынып тасталды. 2021 жылғы 16 тамыз сағат таңғы 05-00.
«Меркі-Шу-Бурылбайтал», ПК 672 (құрылыс сатысында тұрған учаске) Республикалық маңызы бар автомобиль жолының учаскесінде су шайып кету салдарларының жойылуына және өткелдің қалпына келтірілуіне байланысты көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектеуі алынып тасталғандығы туралы хабарлаймыз.