"Ленин – Ақсу – Көктөбе - Үлкен Ақжар – Курчатов қаласы" Автомобиль жолы пайдалануға берілді

"Ленин – Ақсу – Көктөбе - Үлкен Ақжар – Курчатов қаласы" Автомобиль жолы пайдалануға берілді

"Ленин – Ақсу – Көктөбе - Үлкен Ақжар – Курчатов қаласы" Автомобиль жолы пайдалануға берілді

"Ленин – Ақсу – Көктөбе - Үлкен Ақжар – Курчатов қаласы" Автомобиль жолы пайдалануға берілді

 

"ҚазАвтоЖол" ҰК" Павлодар облыстық филиалы тапсыру мерзімінен бұрын жалпы ұзындығы 30 шақырым болатын 165-195 шақырымындағы "Ленин – Ақсу – Көктөбе - Үлкен Ақжар – Курчатов қаласы" Автомобиль жолының учаскесін пайдалануға берді.  

Құрылыс жұмыстарын "Павлодаржолдары" ЖШС мердігерлік ұйымы орындады. "Жол-Консалтинг" ЖШС техникалық қадағалауымен жобаның авторы "Юпитер" ИЦ ЖШС болып табылады.

Жол III техникалық санатқа жатады. Жөндеу аясында жол төсемін, жер төсемін толық қалпына келтіру жүргізілді. Қозғалыс қарқындылығының болашақта ұлғаюын ескере отырып, қазіргі заманауи материалдар қолданылды. Бұл тұтастай алғанда автомобиль жолын пайдаланудың сенімділігі мен ұзақ мерзімде пайдалануды қамтамасыз етеді.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін ұйымдастыру үшін 200 жол белгілері мен паннолар, 2000 метрден астам тосқауыл қоршаулары, 1500 сигнал бағаналары жасалды. Көлденең жол белгілері орнатылып, жасанды құрылыстар салынды.  

Тұрғындарға жайлылықты қамтамасыз ету мақсатында Майское ауылының жанында күрделі үлгідегі санитарлық блоктары бар 5 автопавильон құрылысы, тротуарлар, қысқа мерзімді демалыс алаңдары салынды.

Аталған автожолды күрделі жөндеу жұмыстары жалғасатын болады, бұл жүк ағыны мен республика өңірлері арасындағы транзитті арттыруға мүмкіндік беретінін айта кету керек.

Ағымдағы жылы жалпы ұзындығы 25 шақырым болатын 120-145 шақырымындағы учаскесінде күрделі жөндеу жұмыстары басталады. Сондай – ақ "Ленин – Ақсу - Көктөбе – Үлкен Ақжар-Курчатов қаласы" 195-216 шақырымы бойынша автожолдың күрделі жөндеу жобасы әзірленуде.