"Қалбатау-Майқапшағай" автожол учаскесіндегі жаңарту жұмыстары туралы

"Қалбатау-Майқапшағай" автожол учаскесіндегі жаңарту жұмыстары туралы

"Қалбатау-Майқапшағай" автожол учаскесіндегі жаңарту жұмыстары туралы

Жалпы ұзындығы 415 шақырым "Қалбатау-Майқапшағай" автожолының учаскесін жаңарту жұмыстары 2019 жылы басталды.

Автожол учаскесі Шығыс Қазақстан облысындағы ҚХР шекарасында Қалбатау кенті мен Майқапшағай өткізу пунктінің арасында орналасқан.

Жобадағы жұмыстарды China Xinxing Group (барлығы 211 шақырым) компаниясы мен "ҚазГерСтрой "БК" ЖШС (барлығы 204 шақырым) құрылыс консорциумы орындайды. Жүргізілетін жұмыстардың сапасын бақылауды "ЮВПЭК-Астана"ЖШС жүзеге асырады.

Трассаны қайта құру жобасына сәйкес, ұзындығы 415 шақырым жол II техникалық санатқа сәйкес келетін болады, қозғалыс үшін 2 жолағы бар.

Жоба іске асырыла бастағаннан бүгінгі күнге дейін 127 шақырым жаңа асфальтбетон жабынымен жүру қамтамасыз етілді.

Автожол бойынша жұмыстарды толық көлемде 2022 жылы аяқтау жоспарланған болатын, алайда КОВИД-19 пандемиясы, сондай-ақ жол-құрылыс материалдарының қымбаттауы жұмыс қарқынына елеулі әсер етті.

2021 жыл бойы учаскеде жұмыстардың әлсіз қарқыны және мердігерлік ұйымның жұмысты нашар ұйымдастыруына байланысты бекітілген кестеден артта қалу байқалды.  Ағымдағы құрылыс маусымының қорытындысы бойынша Қоғам жобаны одан әрі жүзеге асыру бойынша шешім қабылдайды.