icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Республикалық маңызы бар жолдардың қысқы кезеңге белсенді дайындығы жүріп жатыр

Республикалық маңызы бар жолдардың қысқы кезеңге белсенді дайындығы жүріп жатыр
Ақмола облыстық филиалы суықтың басталуымен республикалық маңызы бар жолдарды қысқы кезеңге белсенді дайындықтан өткізуде. Бұл кең ауқымды іс-шаралар жоспарын қамтиды.
Оның ішіне қысқы кешенді жол көлік техникасын, Шнекороторды, К-700, тиегіштерді, тракторларды, автогрейдерлерді жөндеу және дайындау. Күтіп ұстау бойынша жұмыстардың тұтас кешені жүргізілетін жолдың өзі де жұмыстың басым бөлігін қамтиды. Оған қардан қорғау қалқандарын орнату, бұталарды шабу және жұлу, жолда қар құрсауының алдын алу үшін резервтегі қамысты шабу, «1.15 «тайғақ жол» ескерту белгілерін орнату жұмыстары кіреді.
Сондай-ақ көктемгі су тасқыны кезеңінде су жиналып қалуының алдын алу үшін су өткізу құбырларының арналарын тазалау жүргізіледі және тайғаққа қарсы материал дайындау жұмыстары атқарылуда.