icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Инвестициялық тартымдылықты іске асыру және арттыру мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы үшжақты МЕМОРАНДУМға қол қойылды

-

Инвестициялық тартымдылықты іске асыру және арттыру мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы үшжақты МЕМОРАНДУМға қол қойылды

«ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы А. Мұратұлы, «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Қ. Садуақасов, «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы М. Юсуповпен жол бойындағы сервистің ұлттық желісін дамыту бойынша инфрақұрылымдық жобаларды жеке инвестициялар үшін инвестициялық тартымдылықты іске асыру және арттыру мәселелері бойынша
ынтымақтастық туралы МЕМОРАНДУМға қол қойылды.

Қазақстан Республикасының аумағында жол бойындағы сервис желісін дамыту жөніндегі инфрақұрылымдық жобаларды дайындауға және іске асыруға бірлескен мүдделілікті НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП, оның ішінде:
а) Жобаларды іске асыру үшін, оның ішінде МЖӘ тетіктерін пайдалана отырып, жеке, институционалдық инвесторларды тарту және қаржыландыру;
б) Жобаларға жеке инвестицияларды тарту үшін тартымдылықты арттыру және қажетті жағдайлар жасау жөніндегі іс-шараларды, оның ішінде мемлекеттік қолдау құралдарын қолдану жөніндегі іс-шараларды іске асыру;
в) бірлескен сараптамалық, ақпараттық-талдамалық және зерттеу қызметін және оның нәтижелерін жобаларды іске асыруда практикалық қолдану;
жобаларды іске асыруға жәрдемдесу мақсатында, осы ынтымақтастық туралы Меморандум жасалды.

Осы Меморандумның мақсаты Қазақстан Республикасының аумағында жобаларды дайындауға және іске асыруға бағытталған әріптестік қатынастарды орнату және тараптардың ұзақ мерзімді, тиімді және өзара ынтымақтастығын дамыту болып табылады.

Қазақстан табиғи ресурстарға бай мемлекет, сондай-ақ көптеген курорттық демалыс базалары, тарихи орындары жетерлік. Біз бірлескен күш-жігерімізбен осы жерлерге дейін сапалы жолдар салып, жол бойындағы қызмет көрсету нысандарын дамытуға тиіспіз. Осылайша біз туризмді дамыта отырып, бірінші кезекте ел экономикасын жандандыруға үлес қосамыз. Барлық қазақстандықтар мен еліміздің қонақтары қалаған жерлеріне жайлы жетуі қажет.

р мен еліміздің қонақтары қалаған жерлеріне жайлы жетуі қажет.