icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

"Нұр-Сұлтан - Павлодар ақылы учаскесі бойынша"

Ағымдағы жылдың 23 қарашасынан бастап "Нұр-Сұлтан - Павлодар" учаскесінде ақы алудың ашық жүйесі енгізілді.

Жалпы, орнатылған бақылау аркалары автокөлік құралдарының қарқындылығын, қозғалыс жылдамдығын және класын ескереді.

Бақылау аркаларының орналасқан жері облыстардың, аудандардың, елдімекендердің шекараларын және оларға өту/шығу жағдайларын ескере отырып анықталды.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ нақты туындайтын жағдайларды, оның ішінде ақылы жолдарды пайдаланушылардың ұсыныстарын ескере отырып, төлемақы алудың ашық жүйесін жетілдіру бойынша тұрақты негізде жұмыстар жүргізуде.

Соның бір мысалы ретінде "Нұр-Сұлтан - Павлодар" учаскесін айтуға болады. Онда учаскені 8 ақылы аймаққа бөле отырып, 7 бақылау аркасы орнатылған.

Екібастұз қаласынан Қалқаман ауылына қарай автокөлік құралдарының маршруты бойынша екі бағытта да жол жүру үшін ақы алудың ашық жүйесінің жұмыс алгоритміне тиісті өзгерістер енгізілді. Осылайша, қазіргі уақытта үш аймақ және екі бақылау аркасы бойынша жол жүру ақысы тек іс жүзінде жүріп өткені үшін есептеледі.