icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму Министрінің бұйрығымен Мейірхат Мейрамханұлы Қасымбаев «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды

  М. Қасымбаев 1980 жылы 21 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Экономика ғылымдарының кандидаты. Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. Заңгер және қаржыгер мамандығының йесі. Лондон экономика және саясаттану мектебінде мемлекеттік басқару курстарынан өтіп, Сингапурда біліктілігін арттырды.
Мейірхат Қасымбаев 11 жыл бойы құқық қорғау органдарында және мемлекеттік қызмет құрылымдарында түрлі лауазымдарда қызмет етті. Жол және инфрақұрылымдық құрылыс саласында еңбек өтілі - 10 жылдан астам.
Мемлекеттік наградалар мен алғыс хаттары бар. Сонымен қатар ол ауылдан келген оқушыларға қолдау көрсететін IQanat білім беру қорының қамқоршысы.