icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

2022 жылы қандай республикалық маңызы бар жолдарда жүріс беріледі?

Республикалық маңызы бар жолдардың сапасы, уақтылы жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға әсер етеді. Күн жылынып, қолайлы ауа-райы орнаған соң жол жұмыстары жалғаспақ. "Санға емес, сапаға мән береміз. Басталған жобаларды аяқтаймыз. Қазір құрылыс маусымына дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мердігерлермен келіссөздер жүргізіп, Қазақстанның автожолшылар қауымдастығымен, жол активтерінің ұлттық сапа орталығымен жұмыс істеп жатырмыз. Мәселен, биыл Нұр-Сұлтан – Алматы, Қалбатау – Майқапшағай, Атырау – Астрахан, Талдықорған - Өскемен және т. б. учаскелерде жүріс берілмек. Сонымен қатар, республикалық маңызы бар Жезқазған – Қызылорда автожолының құрылысына кірісеміз. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, "Мемлекеттің тапсырысын орындағысы келетін кез келген мердігердің басты міндеті – сапаға көңіл бөлу. Сондықтан оларға қойылатын талаптар да қатаң болуы керек." Президент нақты тапсырма берді, біз оны орындаймыз. Сапасыз салынған республикалық маңызы бар жолдар қабылданбайды. Шарт талаптарына сәйкес мердігер барлық кемшіліктерді өз есебінен қалпына келтіреді",- деп атап өтті "ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ басшысы Мейірхат Қасымбаев. Естеріңізге сала кетейік, былтыр компания қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін Қоғамдық кеңес пен тұрақты Комиссия құрылды. Қатысушылар учаскелерде орындалған жұмыстармен, жоба аясында қабылданған инженерлік және техникалық шешімдермен таныса алады, сондай-ақ сапаны тексерудің қолданылатын әдістері мен тәсілдері туралы біле алады. Бұдан басқа, "ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ қарасты бірыңғай, тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 байланыс орталығы бар. Жүргізушілердің республикалық маңызы бар жолдарды күтіп-ұстау жұмыстарына шағымы болса аталмыш нөмірге хабарласа алады. Сонымен қатар жолда штаттан тыс жағдайға тап болған әрбір автокөлік иесі де осы байланыс орталығына жүгіне алады. Қоңырау шалу тегін.