icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Автожүргізушілердің назарына!

“ҚазАвтоЖол” ҰК” АҚ Ақмола облысы филиалының ақпаратына сәйкес, республикалық маңызы бар Р-10 Нұр-Сұлтан қаласының Солтүстік-Батыс айналма жолының 4 шақырымында орын алған апатты жағдайға байланысты аталмыш жолдың 1,4 шақырымынан бастап 6 шақырымына дейінгі телімі биылғы жылдың 25 наурызынан 15 тамызына дейін күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жабылмақ. Осы орайда Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола облысы тұрғындары мен қонақтарына, сондай ақ барлық транзиттік жүргізушілерге балама жолдың барын ескертеміз. Жеңіл көлік иелері қала ішімен, яғни Лесозавод елді-мекені арқылы жүре алатындығын, ал жүк көлік иелері үшін Шығыс айналма жолының бар екенін еске саламыз.

 

Туындаған барлық сұрақ бойынша тәулік бойы жұмыс жасайтын 1403 колл орталығына қоңырау шалуға болады.