icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Республикалық маңызы бар тас жолда кезекті рет проекциялық жаяу жүргінші өткелі орнатылды

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторы трассаларда қауіпсіздікті арттыру бойынша жұмыстарды жалғастыруда. Бурабай аймағы Р7 тас жолында, мектепке жақын жерде проекциялық жаяу жүргінші өткелі орнатылды.

Проекциялық жаяу жүргінші өткелінің артықшылығы - бұл технология гобо-проектор арқылы қараңғы уақытта жаяу жүргіншілер өткеліне жарық береді. Сонымен қатар ауа-райы қолайсыз болған жағдайда да (мәселен трассада қар, жаңбыр жауса немесе көктайғақ пайда болса) айқын көрінеді. Мәселен, жүргіншілер өткелдері қыста қар астында қалып, дұрыс көрінбей жатады. Ал бұл технология ауа райына тәуелсіз жұмыс істейді. Технологияны ұзақ уақыт бойы қолдануға болады, себебі оны жаңартып отырудың қажеті жоқ.

Ақ-сары түсті жарық көлік жүргізушілеріне 150 метр қашықтықтан көрінеді. Басты мақсат - жол-көлік оқиғаларын азайту.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін де бірқатар проекциялық жаяу жүргінші өткелі Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы республикалық трассаларда орнатылды (Самара-Шымкент тас жолының  836 шқ, 263 шқ). Олар да мектептердің аймағында орнатылған болатын.