icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

БАРЛЫҚ МЕРДІГЕРЛІК ҰЙЫМДАР НАЗАРЫНА!

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ «Қызылорда – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» республикалық маңызы бар автомобиль жолының 24-76 шақырымы  (қайта тендер өткізу) «Қызылорда – Жезқазған» учаскесін реконструкциялау бойынша мердігерлік ұйымды анықтауға конкурстық іріктеу жүргізудің басталғаны туралы хабарлайды.

Конкурс Еуропа қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) https://ecepp.ebrd.com/respond/C8THG4N4CY электрондық порталында электрондық форматта өткізіледі. Конкурсқа қатысу үшін жоғарыда көрсетілген сайтта мердігерлік ұйым ретінде тіркелу және өтінімдерді беру міндетті талап болып табылады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар туралы толық ақпаратқа сайтта орналастырылған конкурстық құжаттамада қол жеткізуге болады:

Өтінімдерді қабылдауды бастау мерзімі – 2022 жылғы 21 шілде, конверттерді ашу уақыты мен күні – 2022 жылғы 5 қыркүйек, Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша сағат 09:00.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ әлеуетті өнім берушілерді қандай да бір болмасын сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтарға жол бермеуге шақырады. Егер сіз сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарын көрсеңіз немесе сыбайлас жемқорлық көріністерінің куәсі болсаңыз, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ сенім телефоны + 7 7172 648738 және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің CALL орталығының 1424 нөмірі бойынша хабарласуыңыз қажет.