icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

 ҚазАвтоЖол басшысы "Ақтөбе-Қандыағаш" жол жобасының іске асырылуы жайлы айтып берді

Елімізде жол-құрылыс маусымы қарқынды жүруде. Мәселен, Ақтөбе өңірінде 2021 жылдың көктемінде басталған "Ақтөбе - Қандыағаш" тас жолын қайта құру жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы ҚазАвтоЖол басшысы мәлімдеді.

“Әр апта сайын дерлік ел өңірлеріне барып, жол-құрылыс жұмыстарын тексерудеміз. Егер өткен аптада Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарындағы жобалардың іске асырылу барысын қадағаласақ, осы апта Ақтөбе облысына келдік. Республикалық маңызы бар "Ақтөбе-Қандыағаш" автожолын қайта жаңарту жұмыстары барысына тоқталсам.

Республикалық трассаның жалпы ұзындығы 89 шақырым. Қайта жаңарту жұмыстары екі учаскеде жүргізілуде: 11-ші шақырымнан 52-ші шақырымға дейін және 52-ші шақырымнан Қандыағаш қаласына дейін. Бұл жобаны жүзеге асыруға отандық және шетелдік бас мердігер ұйымдар ат салысып жатыр. Қазір жол-құрылыс жұмыстарымен алғашқы екі жолақ қамтылған. Жаңартылған "Ақтөбе - Қандыағаш" күре жолында жыл соңына дейін қозғалыс ашу жоспарланып отыр. Алайда бұл жұмыс толық аяқталды деген сөз емес. Алғашқы екі жолақты тапсырғаннан кейін тағы екі жолақтың құрылысымен айналысамыз. Қайта жаңарту жұмыстарын толық аяқтау 2023 жылдың соңына жоспарланған. Қайта құру жұмыстары аяқталғаннан кейін трасса төрт жолақты болады және I техникалық санатқа сәйкес келеді», - деп атап өтті ұлттық компания басшысы Мейірхат Қасымбаев.

Жалпы биыл республикалық маңызы бар 7 мыңға жуық шақырым жол құрылыс жұмыстарымен қамтылды. Оның ішінде 4 мың шақырым күре жолда қайта жаңарту жұмыстары жүргізілсе, қалған 3 мың шақырым тас жол орташа және күрделі жөндеу жұмыстарымен қамтылып отыр.