icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Биылғы 2022 жылдың қазан айының соңына дейін республикалық маңызы бар М-38 күре жолының 10 шақырымын (Павлодар-Семей трассасының 422-432 шақырымдары аралығындағы учаске) пайдалануға беру жоспарланып отыр. Мердігер ұйым асфальт жабынының жоғарғы қабатын орнатты. Қазіргі уақытта жолды абаттандыру бойынша жұмыстар жүруде. Мәселен, жолшылар жарық бағаналарын, жол белгілерін және де қоршауларды орнатып жатыр. Сонымен қатар, автожол пайдаланушыларының ыңғайы үшін аталған жол учаскесінің бойында жаңа санитарлық-гигиеналық торап орнатылады.

Естеріңізге сала кетейік, өткен айда ғана қайта жаңарту жұмыстары аясында республикалық маңызы бар автожолдардың бірқатар учаскесі пайдалануға берілді. Мысалы, Қостанай облысында "Қостанай-Қарабұтақ" (459-484 шақырымдары аралығы) автожолының 24 шақырымында құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды. Ал Алматы өңіріндегі "Үшарал-Достық" трассасының 27 шақырымы (3-30 шақырымдары аралығы) пайдалануға берілді.

Бұдан басқа, республикалық маңызы бар автожолдардың ұлттық операторы күрделі және орташа жөндеу жұмыстарын жалғастырып жатыр. Жыл басынан бері жалпы ұзындығы 262 шақырым болатын 22 автожол учаскесі жөнделді.

Жол құрылысы жұмыстары әлі де жалғасуда.