icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ республикалық маңызы бар «Қызылорда-Павлодар-Успен-гр. РФ», «Қызылорда – Жезқазған» телімі 12+000-24+600, оның ішінде Қызылорда қаласы бойынша айналма жол құрылысы бойынша мердігерлік ұйымды анықтауға конкурстық іріктеуді жүргізудің басталғаны туралы хабарлайды (қайта тендер өткізу).

Конкурс электронды форматта Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) электронды порталында өтеді https://ecepp.ebrd.com/respond/QZP96XB9CC. Конкурсқа қатысу үшін жоғарыда көрсетілген сайтта мердігерлік ұйым ретінде тіркелу және өтінімдерді беру міндетті талап болып табылады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар туралы толық ақпаратқа сайтта орналастырылған конкурстық құжаттамада қол жеткізуге болады:

Өтінімдерді қабылдауды бастау мерзімі – 2022 жылғы 2 желтоқсан, конверттерді ашу уақыты мен күні – 2023 жылғы 16 қаңтар, Астана қ. уақыты бойынша сағат 09:00.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ әлеуетті өнім берушілерді қандай да бір болмасын сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтарға жол бермеуге шақырады. Егер сіз сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарын көрсеңіз немесе сыбайлас жемқорлық көріністерінің куәсі болсаңыз, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ сенім телефоны + 7 7172 648738 және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің CALL орталығының 1424 нөмірі бойынша хабарласуыңыз қажет.