icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

КӨЛІК МИНИСТРЛІГІ МЕН «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ АВТОЖОЛДАРДЫҢ САПАСЫН БАҚЫЛАУ БОЙЫНША КЕҢ АУҚЫМДЫ «ХАЛЫҚТЫҚ БАҚЫЛАУ» ЖОБАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

2024 жылғы 29 сәуірде ҚР Көлік министрлігі мен «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ бастамасымен республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының сапасын тексеру бойынша кең ауқымды «Халықтық бақылау» жобасы іске қосылды. Бұл жоба қоғамның еліміздегі жол нысандарының сапасын арттыруға белсенді қатысу үшін бағытталған.

«Халықтық бақылау» жобасының мақсаты – Қазақстанның әрбір азаматы салынып жатқан республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша қоғамдық бақылауға шақыру. Көлік министрлігі өз кезегінде анықталған кемшіліктер мен мәселелерге ден қойып, оны қысқа мерзімде шешуді қамтамасыз етеді.

          Жобаға қатысу үшін 1403 байланыс орталығына хабарласып, өтінім қалдыру керек. Тіркеу кезінде ТАЖ, байланыс нөмірін, сондай-ақ тұратын елді мекен мен облысты көрсету қажет.

Нысандарды аралау кестесін «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ www.qaj.kz ресми сайтынан көруге болады.

«Халықтық бақылау» кең ауқымды жобасы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын барлық жол қозғалысына қатысушыларға қауіпсіз әрі сапалы етуге арналған.