icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

"Атырау - Орал" автожолын орташа жөндеуден өткізу жоспарлануда
"Атырау - Орал" автожолын орташа жөндеуден өткізу жоспарлануда

Алдағы уақытта республикалық маңызы бар KAZ12 "Атырау - Орал" автомобиль жолын орташа жөндеуден өткізу бойынша ауқымды жобаның жұмыстары басталмақ. Бұл жол батыс өңірінің екі ірі қаласы - Орал мен Атырауды байланыстырады. Жалпы ұзындығы 487 шақырымды құрайды. 

Жоба 364 шақырым жол төсемін қамтымақ. Негізгі атқарылатын жұмыстар: иірімді учаскелерді жою, топырақ қайта өңдеу әдісімен топырақты қосу арқылы негізді күшейту, астыңғы және үстіңгі жабынды төсеу, жолжиекті күшейту, сондай-ақ жол белгілерін орнату және таңбаларды салу. 

Қазіргі таңда қаржы көзі қарастырылуда. Содан кейін жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, міндетті сараптамадан өтеді. Жоба кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын болады.

Қосымша автожолда шұңқырларды жөндеу жұмыстары жалғасуда. Орташа жөндеу жұмыстарын 2025 жылдан 2027 жылға дейін өткізу жоспарлануда.