Екі аптада 1403 байланыс орталығы 32 мыңнан астам өтінімді өңдеді
2025 жылғы 26 мамыр және 8 маусым аралығында 1403 байланыс орталығының операторлары республикалық жолдарға қатысты 32 мыңнан астам өтінімді қабылдап, өңдеді.
Байланыс орталығының базасында азаматтарға қолайлы әрі жедел ақпарат беру үшін интерактивті дауыстық меню (IVR) жүйесі іске қосылды. Осы жүйенің көмегімен 5 251 өтінім операторлардың қатысуынсыз автоматты түрде өңделсе, операторлар 22 477 қоңырауға жауап берді. Сондай-ақ, мессенджерлер арқылы 4 539 өтінім қабылдады.
Республикалық жолдарға қатысты ең көп хабарламалар Ақмола, Жамбыл және Түркістан облыстарынан келіп түсті. Барлық өтінімдер регламентке сәйкес уақтылы орындалды.
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы пайдаланушыларға бірнеше байланыс арналарын ұсынады:
- 1403 байланыс орталығы;
- www.qaj.kz ресми интернет-ресурсы;
- Telegram бот (@qazavtojolbot, @CallCenterQaj_bot) және WhatsApp мессенджері (+7 775 001 1403).