icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

"Шымкент - ӨР шекарасы" автожолында көтерілген жол жабыны уақтылы қалыпқа келтірілді

Жол төсемінде ақауларды уақтылы анықтау бойынша республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында тұрақты түрде бақылау жұмыстары жүргізіліп тұрады. Тұрақты патрульдік жұмыстардың барысында 2025 жылғы 17 маусым сағат 16:00-де  KZ13-03 "Шымкент - ӨР шекарасы (Жібек жолы ө/п)" ақылы жол учаскесінің 763 шақырымында ауа райының +40/+45°C ыстық болуына байланысты цементбетон жабынының көтерілгені анықталып, шұғыл шаралар қабылданды.

Жол қызметінің жүйелі жұмысының нәтижесінде ақаулар алдын ала анықталып, оны жою бойынша жұмыстар атқарылды. Аталмыш шараға 3 бірлік арнайы техника мен 4 жол маманы жұмылдырылды.

Сол күні жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қысқа уақытта жол қалыпқа келтіріліп, толық қозғалыс қамтамасыз етілді.