ҚазАвтоЖол және ЕҚДБ Ақтөбе – Ұлғайсын автожолын қайта жаңарту жобасын қаржыландыру туралы келісімге қол қойды
Бүгін Қазақстан Республикасының Үкіметінде Шетелдік инвесторлар кеңесінің 37-ші пленарлық отырысы аясында «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы мен Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) республикалық маңызы бар «Ақтөбе – Ұлғайсын» автожолын қайта жаңарту жобасын қаржыландыру жөніндегі маңызды келісімге қол қойды. Жобаның ұзындығы 234 шақырымды құрайды.
Аталған жоба DBM (жобалау, құрылыс және пайдалану) моделі бойынша жүзеге асырылатын болады. Бұл көлік инфрақұрылымының кешенді және сапалы дамуына септігін тигізеді.
Қайта жаңарту жобасы аясында заманауи көлік жолайырықтары, жол өтпелері, көпірлер, су өткізгіш құбырлар, мал өтпелер, жаяу жүргіншілер өткелдері, демалыс алаңдары және көлікті бақылау аркаларын салу жоспарланған. Бұл жолдағы қозғалыс қауіпсіздігін айтарлықтай арттырып, апаттылық деңгейін төмендетуге және жол қозғалысын жақсартуға мүмкіндік береді.
«Ақтөбе – Ұлғайсын» жобасы Ақтөбе облысы үшін ғана емес, бүкіл республика үшін стратегиялық маңызға ие. Жоба аймақтар арасындағы көлік байланысын нығайтып, ішкі қозғалысты арттырып, ел аумағы арқылы транзиттік тасымалдың кедергісіз жүруін қамтамасыз етеді.
Бұл өз кезегінде экономиканың өсуіне, өңірлердің көлік қатынасын нығайтып, шекара маңындағы және шалғай аудандарға инвестиция тартуға жағдай жасайды.


