icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Өткен аптада 1403 байланыс орталығы 13 мыңға жуық өтінімді өңдеді
Өткен аптада 1403 байланыс орталығы 13 мыңға жуық өтінімді өңдеді

2025 жылғы 16-22 маусым аралығында 1403 байланыс орталығының операторлары республикалық жолдарға қатысты 13 мыңға жуық өтінімді қабылдап, өңдеді.

Байланыс орталығының базасында азаматтарға қолайлы әрі жедел ақпарат беру үшін интерактивті дауыстық меню (IVR) жүйесі іске қосылды. Осы жүйенің көмегімен 2 248 өтінім операторлардың қатысуынсыз автоматты түрде өңделсе, операторлар 10 052 қоңырауға жауап берді. Сондай-ақ, мессенджерлер арқылы азаматтардың өтінімдері қабылданды. 

Республикалық жолдарға қатысты ең көп хабарламалар Ақмола, Қызылорда және Түркістан облыстарынан келіп түсті. Барлық өтінімдер регламентке сәйкес уақтылы орындалды.

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы пайдаланушыларға бірнеше байланыс арналарын ұсынады: 

- 1403 байланыс орталығы; 
- www.qaj.kz ресми интернет-ресурсы; 
- Telegram бот (@qazavtojolbot, @CallCenterQaj_bot) және WhatsApp мессенджері (+7 775 001 1403).