KAZ01 Астана – Қарағанды – Алматы автомобиль жолының 0-16,3 шақырым аралығындағы учаскесінде орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы
Республикалық маңызы бар KAZ01 «Астана – Қарағанды (айналма жол) – Алматы» автомобиль жолының 0-16,3 шақырым аралығындағы Астана қаласының айналма жолындағы жол өткелінен бастап Жібек Жолы елді мекенінен кейінгі ақылы жол бекетіне дейінгі учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Жөндеу жұмыстары аясында бекітілген уақытша жол қозғалысын ұйымдастыру сұлбасы әзірленді. Жолдың бір жағы уақытша жабылып, төменгі қабатта асфальтбетон жабыны төселуде. Осыған байланысты көлік қозғалысы реверсивті түрде немесе бір бағытта ұйымдастырылып жатыр.
Атап өте кетейік, жөндеу жұмыстары полиция бекетінің маңындағы жол бөлігі енінің тарылған жерінде жүргізіліп жатыр. Демалыс күндері осы учаскеде жол қозғалысын төрт жолақ бойымен ашу жоспарланып отыр. Бұл жолдың өткізу қабілетін арттыруға және қозғалыс жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.
Жолда мұқият әрі сақ болуларыңызды сұраймыз. Қозғалыстың қарқындылығы жоғары уақыттарда кептеліс болу мүмкіндігін ескеріңіздер. Жол жүру ережесін сақтап, жөндеу жұмыстары кезінде мұқият болыңыздар. Бұл өз кезегінде кептелісті алдын алуға мүмкіндік береді.