icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Алматы облысында «Қонаев – Күрті» автожолын қайта жаңарту жалғасуда

Облыста республикалық маңызы бар «Қонаев – Күрті» автожолының 0-67 шақырым аралығындағы учаскесін қайта жаңарту бойынша жұмыстар жалғасуда. Жұмыс еліміздің негізгі күре жолдарын жаңарту аясында атқарылуда және қауіпсіз әрі қолайлы қозғалысты қамтамасыз етуге, өткізу қабілетін арттыруға және транзиттік әлеуетті дамытуға бағытталған.

Құрылыс толық аяқталғаннан кейін заманауи талаптарға сәйкес келетін I-б санаттағы жол болмақ. Жоба аясында Іле арнасы арқылы өтетін көпір, «беде жапырағы» үлгісіндегі жол айрығы, 61 су өткізгіш құбыр, екі демалыс алаңы, автобус аялдамалары және Ақши ауылы аумағында жол-пайдалану пунктін салу қарастырылған.

Нысан құрылысына 126 бірлік техника мен 169 маман жұмылдырылды. Екі асфальтбетон зауыты және төрт жол-құрылыс басқармасы қарқынды жұмыс істеп жатыр. 

Қазіргі уақытта келесі жұмыстар атқарылды:
- оң жақта 28 шақырым және сол жақта 67 шақырым жабынның төменгі қабаты төселді;
- оң жақта 33 шақырым және сол жақта 67 шақырым негіздің жоғарғы қабаты орнатылды;
 - оң жақта 37 шақырым және сол жақта 67 шақырым С4-тен негіздің төменгі қабаты төселді.

2025 жылы жол төсемінің құрылымдық қабаттарын төсеуге күш жұмылдырылуда: негіз, ірі түйіршікті кеуекті асфальтбетонның төменгі қабаты және қиыршық тасты-мастикалық асфальтбетонның жоғарғы қабаты. Айырық, кеңейту учаскелері мен шығаберістерде де жұмыстар жүргізілуде.

Жоба еліміздің оңтүстігі үшін стратегиялық маңызға ие. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін автожол қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді, логистиканы жақсартады және республикалық жол желісінің маңызды буыны болады.