Павлодар облысында "Атамекен - Ақсу - Көктөбе - Б.Ақжар - Курчатов қ." автожолының учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары аяқталды
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы республикалық маңызы бар "Атамекен - Ақсу - Көктөбе - Б.Ақжар - Курчатов қ." автомобиль жолының 15-17, 18-25 және 34-42 шақырым аралығындағы учаскелерінде орташа жөндеу жұмыстарының аяқталғаны және қолданысқа берілгені туралы хабарлайды.
Бұл автомобиль жолы Іб және ІІ техникалық санатқа жатады.
Жөндеу жұмыстары салқын жону әдісімен жүргізіліп, артынан 64 мың м2 ауданда асфальтбетон қоспасынан жолдың үстіңгі жабыны төселді. Сондай-ақ, 74 мың м2 ауданда жол жабыны жонылып, жаңа асфальтбетоннан үстіңгі қабат салынды.
Аталмыш жұмыстар автожолды нормативті жағдайда ұстап тұруға, қауіпсіз және қолайлы қозғалысты қамтамасыз етуге бағытталған.


