icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Қалааралық.inDrive пен Қазавтожол жолдардағы кедергілер туралы  жүргізушілерге ескерту үшін күш біріктірді
Қалааралық.inDrive пен Қазавтожол жолдардағы кедергілер туралы  жүргізушілерге ескерту үшін күш біріктірді

Қалааралық.inDrive қызметі мен Қазавтожол ұлттық компаниясы жүргізушілерді нақты уақыт режимінде бүкіл Қазақстан бойынша республикалық маңызы бар жолдардағы шектеулер туралы хабардар ету бойынша бірлескен бастаманы іске қосты. Енді Қалаларалық.inDrive пайдаланушылары жолдардың жабық учаскелері туралы автоматты ескертулер алады: жөндеу жұмыстарына, ауа райын жағдайына немесе белгілі бір шектеулерге байланысты. Бұл олардың жұмысын және сапарларын тиімді жоспарлауына мүмкіндік береді.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ "Ақылы автомобиль жолдары дирекциясы" филиалының директоры Серік Айдос:

- inDrive компаниясымен интеграция жүргізушілерге республикалық автожолдардағы қозғалыс жағдайын уақытылы білуге мүмкіндік береді. Бұл әсіресе қыс мезгілінде маңызды, себебі ауа райының нашарлауына байланысты қозғалысқа жиі шектеулер енгізіледі. Қазіргі уақытта «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы жол пайдаланушыларды жолдағы жағдай туралы 1403 байланыс орталығы, әлеуметтік желілер және чат-боттар арқылы жедел түрде хабардар етіп отырады. inDrive компаниясымен бірлескен жұмыс мұндай ақпаратты жеткізудің дәлдігін және жылдамдығын арттырып, жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығына тікелей әсер етеді деп сенемін.