icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

ШҚО-да «Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахманов қайнары» автожолының 437–450 шақырым аралығындағы учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде
ШҚО-да «Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахманов қайнары» автожолының 437–450 шақырым аралығындағы учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде

2025 жылдың мамыр айында республикалық маңызы бар KZ16-01 «Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахманов қайнары» автомобиль жолының 437–450 шақырым аралығындағы учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары басталды.

Аталған автожол Өрел, Аршат, Берел ауылдарын және жолдың соңғы нүктесі болып саналатын «Рахманов қайнары» санаторийін өзара байланыстырып, көлік қозғалысын қамтамасыз етеді. Жалпы ұзындығы 13 шақырымды құрайтын бұл учаске IV техникалық санатқа жатады және қиыршық тасты жабыннан тұрады.

Судың ағуын қамтамасыз ету мақсатында кюветтер, су өткізгіш құбырлар, науалар және терең дренаж жүйелерін салу көзделген. Учаскедегі жасанды нысандар 17 темірбетон құбырдан және 3 темірбетон су өткізгіш науадан тұрады. Бұл нысандар суды 3%-дан асу ықтималдығы есебімен, қысымсыз режимде өткізуге есептелген.

Жөндеу жұмыстары аясында жол жамылғысын нығайту үшін төмендегідей жұмыстар қарастырылған:

- тозу қабаты — битум эмульсиясымен өңделген, 10-20 мм фракциялы жуылған қиыршық тасты пайдалану арқылы жасалатын үстіңгі қабат;

- жамылғы — 5 см қалыңдықтағы БХ маркалы суық асфальтбетон қоспаларынан;

- негіз — 20-40 мм фракциялы қара қиыршық тастан, суық төсеуге арналған битумды қолдану арқылы, қалыңдығы 8 см;

- негіз — қиыршық тасты, бойлық және көлденең профильді түзету және жаңа материал қосу арқылы (қиыршық тас — 40 %, құм-қиыршықтас қоспасы — 60 %).

Қазіргі таңда нысанда терең дренаж жүйелерін орнату, су өткізгіш құбырларды салу, тасты топырақты бұзу арқылы жолды кеңейту, сондай-ақ құрылыс материалдарын (құм-қиыршықтас қоспасы  және темірбетон бұйымдары) дайындау жұмыстары жүргізілуде.