icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Аунақшалы қоршаулар - жол қауіпсіздігін қамтамасыз етудің заманауи шешімі
Аунақшалы қоршаулар - жол қауіпсіздігін қамтамасыз етудің заманауи шешімі

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы жол-көлік оқиғаларының санын азайту мақсатында "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы заманауи аунақшалы қоршауларды орнатуды қолға алды. Мұндай нысандардың бірі Астана қаласының айналма жолында орналасқан.

Аталған инновациялық құрылғылар - пассивті қауіпсіздіктің тиімді инженерлік құралдары болып саналады. Олардың міндеті - көлік құралын жолдың жүру бөлігінде ұстап қана қоймай, соқтығысу кезінде соққы күшін едәуір азайтып, жарақат алу қатерін төмендету.

Құрылымдық ерекшеліктері

Аунақшалы қоршаулар бірнеше негізгі элементтерден тұрады:

- Полиуретанды көбік материалынан жасалған айналмалы барабандар соққы кезінде кинетикалық энергияны айналу есебінен сейілтуге қабілетті.

- Үшөлшемді буферлік және ұстап тұру рамалары көлік қозғалысын қоршау бойымен бағыттайды, қарсы бағыттағы жолаққа немесе жол жиегіне шығып кетудің алдын алады.

- Берік металл тіректер қоршаудың жоғары механикалық жүктемеге төтеп беруін қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, аунақшалардың қанық сары немесе қызғылт сары түсі мен жарық қайтарғыш қабаты оларды кез келген уақытта және ауа райы жағдайында жақсы көрінетіндей етеді, бұл жүргізушілердің жол жағдайын алдын ала бағалауына мүмкіндік береді.

Жұмыс істеу принципі

Аунақшалы қоршаумен соқтығысқан кезде:

- Барабандар өз өсінің айналасында айнала бастайды;

- Соққы энергиясының бір бөлігі айналмалы қозғалысқа жұмсалып, жолаушыларға тікелей берілмейді;

- Көлік құралы қоршау бойымен жайлы бағытталады.

Бұл әсіресе қауіпті учаскелерде - бұрылыстарда, жол айырықтарында, өрлер мен еңістерде, басқаруды жоғалту қаупі жоғары жерлерде аса маңызды.

Артықшылықтары

- Ауыр жол-көлік оқиғалары санын азайту: әсіресе көріну шектелген және рельефі күрделі учаскелерде.

- Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін күшейту: жүргізушілер мен жолаушылардың ауыр жарақат алу қаупі төмендейді.

- Экономикалық тиімділік: аунақшалы қоршаулар жеңіл жол апаттарынан кейін бөліктеп қалпына келтіруге ыңғайлы, бұл оларды дәстүрлі металл қоршауларға қарағанда арзан ұстауға мүмкіндік береді.

- Ұзақ мерзімділік және климаттық тұрақтылық: қоршау материалдары коррозияға ұшырамайды және жоғары, төмен температура жағдайында да өз қасиеттерін сақтайды.

Аунақшалы қоршаулар - еліміздің жол инфрақұрылымын жаңғыртуға және қауіпсіз көлік қозғалысын қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам. Қазіргі таңда олар оң нәтиже көрсетуде және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру жөніндегі халықаралық тәжірибеге толықтай сәйкес келеді.