icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Қарағанды облысында 290 шақырымнан астам автожолда орташа жөндеу жүргізіліп жатыр
Қарағанды облысында 290 шақырымнан астам автожолда орташа жөндеу жүргізіліп жатыр

Қарағанды облысында көлік инфрақұрылымының сапасын арттыру және қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету мақсатында республикалық маңызы бар автожолдарды орташа жөндеуден өткізу бойынша ауқымды жұмыстар жалғасуда. Осы маусымда жалпы ұзындығы 290 шақырымнан асатын жол учаскелері жөнделмек. 

KAZ15 «Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай-Боғаз» автожолында жалпы ұзындығы 97,7 шақырымды құрайтын 17-60, 60-102 және 249-265 шақырым аралығындағы үш учаскеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Барлық учаскелерде жабынды жону жұмыстары орындалды. 82 шақырымда асфальтбетон жабынының төменгі қабатын төсеу толығымен аяқталып, учаскеге байланысты  12%-дан бастап 70%-ға дейін асфальттың жоғарғы қабаты төселіп жатыр. Сондай-ақ, су өткізгіш құбырлар мен аялдама павильондары орнатылуда.

KAZ14 «Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы» автожолының 967-999 және 999-1003 шақырым аралығындағы учаскесінде ұзындығы 30 шақырымды құрайтын жол жөнделуде. 28 шақырымда жону жұмыстары жүргізілді, 26 шақырымда асфальтбетонның төменгі қабаты, 2,5 шақырымда жоғарғы қабаты төселіп, су өткізгіш құбырының құрылысы толығымен аяқталды.

KAZ05 «Астана-Қабанбай батыр – Нұра-Теміртау» автожолының 51-53, 74-101, 92-240 және 240-266 шақырым аралығындағы үш учаскеде жалпы ұзындығы 104 шақырымды құрайтын жол орташа жөндеуден өтті. Бірқатар учаскелерде 29,2 шақырым (94%) және 43 шақырым (90%) жонылды, жабынның төменгі  (73% - дан 92% - ға дейін) және жоғарғы қабатын (38% - дан 60% - ға дейін) төсеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. 240-266 шақырым аралығындағы учаскесінде жер тегістелді.

KAZ22 «Ақшатау-Ағадыр-Ортау-Қызылорда-Павлодар» автожолында жалпы ұзындығы 49,25 шақырым болатын (95-129 шқ және 129-144 шқ) екі учаскені жөндеу жоспарланған. 95-129 шақырым аралығындағы учаскесінде жерлерді тегістеу іріктеу 93% - ға орындалды және жону жұмыстары басталды (0,4 шақырым).

KAZ01 «Астана-Қарағанды (айналма жолмен) - Алматы» автожолының 1353-1444 шақырым аралығында 10 шақырым жол жөнделіп жатыр. Мұнда цементбетон төсеміндегі шөгінділерді жою (1402,5 шақырым учаскесінде 253 м2 шөгінділер жойылды) және гофрленген құбыр құрылғысын жүргізу 80%-ға орындалды.

Жалпы, барлық нысандарда 198 шақырымнан астам автожолдар жонылды, 172 шақырымнан астам асфальтбетон жабынының төменгі қабаты, 77 шақырымға жуық жоғарғы қабаты төселді. Су өткізгіштерді орнату, жерлерді тегістеу, шөгінділерді жою және аялдама павильондарын орнату бойынша жұмыстар жүргізілді.

Атқарылып жатқан жұмыстар жол төсемінің сапасын едәуір арттыруға, оның пайдалану мерзімін ұзартуға, көліктің қауіпсіз және қолайлы қозғалысын қамтамасыз етуге, сондай-ақ жол қозғалысына қатысушылар үшін жол жүру уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. Барлық жөндеу іс-шаралары технологиялық нормалар мен сапа стандарттарын сақтай отырып, жоспарлы мерзімде орындалады.