Талапкер ауылының тұрғындары үшін көлік инфрақұрылымы жаңартылды
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы М-36 «РФ шекарасы (Екатеринбургке) – Алматы» автожолының орташа жөндеу жұмыстары аясында Ақмола облысы Талапкер ауылында жол инфрақұрылымын жақсарту бойынша кешенді жұмыстарды жүзеге асырды.
Ауыл тұрғындары сауда орталығына қарсы орналасқан автобус аялдамасына бағдаршам орнату бойынша бірнеше рет өтініш білдірген болатын. Бұл мәселе халықпен кездесу аясында қарастырылып, жол жөндеу жобасына енгізілді. Аталған жұмыстар 1235, 1239-1241 шақырым аралығындағы учаскелерінде атқарылды.
Нәтижесінде келесі жұмыстар орындалды:
- үш бағдаршам нысаны орнатылды,
- екі аялдама салынды,
- аунақшалы қоршаулар орнатылды,
- тротуарлар салынды,
- екі шақырымда көше жарығы орнатылды.
Бұл шаралар жол қозғалысы қауіпсіздігін едәуір арттырып, Талапкер ауылында жаяу жүргіншілердің және көлік қозғалысының жағдайын жақсартты.


