icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Маңғыстау облысында "Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау" автомобиль жолында көз шағылыстыруға қарсы экрандар орнатылуда
Маңғыстау облысында "Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау" автомобиль жолында көз шағылыстыруға қарсы экрандар орнатылуда

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Маңғыстау облысында көлік қозғалысының қауіпсіздігін арттыру мақсатында қарқынды жұмыстарды атқаруда. Республикалық маңызы бар "Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау" автомобиль жолының (738-773 шқ, Жетібай–Ақтау учаскесі) учаскесінде көз шағылыстыруға қарсы экрандар орнатылып жатыр.

Мұндай экрандар жол-көлік оқиғаларының алдын алуда маңызды рөл атқарады. Олар жүргізушілерді қарсы келе жатқан көліктердің шамдарының жарығынан қорғайды, әсіресе түнгі уақытта. Бұл жолдағы апат қаупін азайтып, қолайлы қозғалысты қамтамасыз етеді.

Аталған учаскеде жалпы ұзындығы 11,7 км болатын 21 500 экранды орнату жоспарланған. Қазіргі уақытта 11 000 экран (шамамен 6 шқ) орнатылды. Қалған жұмыстарды 2025 жылдың шілде айының соңына дейін аяқтау көзделіп отыр.

Мұндай шаралар тек Маңғыстау облысында ғана емес, Қазақстанның басқа өңірлеріндегі республикалық маңызы бар жол учаскелерінде жүзеге асырылуда.  Бұл шара еліміздің жол инфрақұрылымын жетілдіруге және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған кешенді бағдарламалардың бірі.