icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Ашық архитектуралық байқау туралы хабарландыру

Қазақстанның автожолшылар қауымдастығы келесі номинациялар бойынша архитектуралық эскиздерге арналған ашық байқау жариялайды:
Автомобиль өткізу пунктінің эскизі
Ақы алу пунктінің эскизі

Байқаудың мақсаты – ұлттық көлік инфрақұрылымын дамыту аясында жүзеге асырылуы мүмкін ең озық, функционалды және техникалық жағынан негізделген архитектуралық шешімдерді анықтау.

Байқауға профильдік жоғары оқу орындарының студенттері, сәулетшілер, дизайнерлер, инженерлер, сондай-ақ сәулет, жобалау және қала құрылысы салаларына қызығушылық білдіретін барлық тұлғалар шақырылады. Бұл байқау шығармашылық әлеуетіңізді танытып, заманауи жол инфрақұрылымы нысандарына қатысты өз көзқарасыңызды ұсынуға бірегей мүмкіндік береді.

Байқаудың жүлде қоры – 1 000 000 теңге.

Жеңімпаздар әр номинация бойынша ұсынылған жобаларды кешенді бағалау арқылы анықталады.

Байқау жобаларын бағалаудың негізгі критерийлері:
Архитектуралық көркемдік және эстетикалық келбеті
Шешімдердің функционалдылығы
Жоспарлардың эргономикасы
Идеяның жаңашылдығы мен ерекшелігі
Ұлттық мәдениет пен дәстүрлердің көрінісі
Жобаның шынайы іске асырылу мүмкіндігі және инженерлік негізделуі

Конкурс материалдарына қойылатын техникалық талаптар:

Жобалар презентация түрінде (PowerPoint, PDF немесе ұқсас форматта) ұсынылуы тиіс және келесі элементтердің сипаттамасы мен визуализациясын қамтуы қажет:
Қолданылатын құрылыс және әрлеу материалдары
Ішкі және сыртқы жарықтандыру жүйесі
Кіру және шығу аймағының ұйымдастырылуы
Әкімшілік ғимарат (павильон)
Көлікті тексеру аймағы
Әр түрлі көлік түрлеріне арналған қозғалыс жолағы
Аспаның болуы  және оның құрылымы

Конкурс материалдарын қабылдау мерзімі – 2025 жылғы 1 қыркүйекте аяқталады.

 Жұмыстар төмендегі электронды пошта арқылы қабылданады: konkurs2025@qaj.kz. Хаттың тақырыбы: Эскиздер байқауы – 2025.
Әрбір жоба салалық мемлекеттік органдардың, кәсіби сәулет қауымдастықтарының және инженерлік ұйымдардың өкілдерінен тұратын сарапшылық комиссиямен қаралады.

2025 жылғы 15 қыкүйекте байқау қорытындыланып, жеңімпаздар жарияланады. 

 Байқауға қатысу заманауи көлік нысандарының келбетін қалыптастыруға өз үлесін қосып, кәсіби қауымдастықтың мойындауына ие болып, бағалы ақшалай сыйлық ұтып алу мүмкіндігін береді. Біз тың көзқарас пен техникалық сауаттылықты және тиімді әрі эстетикалық шешімдер жасауға ұмтылысты қолдаймыз.
Еліміздің жол-көлік инфрақұрылымында ауқымды өзгерістер жасауда өз үлесіңізді қосу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!