icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Өткен аптада 1403 байланыс орталығы 17 мыңға жуық өтінімді өңдеді

Өткен аптада 1403 байланыс орталығы 17 мыңға жуық өтінімді өңдеді

2025 жылғы 21-27 шілде аралығында 1403 байланыс орталығының операторлары республикалық жолдарға қатысты 17 мыңға жуық өтінімді қабылдап, өңдеді.

Байланыс орталығының базасында азаматтарға қолайлы әрі жедел ақпарат беру үшін интерактивті дауыстық меню (IVR) жүйесі іске қосылды. Осы жүйенің көмегімен 2 743 өтінім операторлардың қатысуынсыз автоматты түрде өңделсе, операторлар 12 064 қоңырауға жауап берді. Сондай-ақ, мессенджерлер арқылы азаматтардың өтінімдері қабылданды.

Республикалық жолдарға қатысты ең көп хабарламалар Ақмола, Ақтөбе және Қарағанды облыстарынан келіп түсті. Барлық өтінімдер регламентке сәйкес уақтылы орындалды.

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы пайдаланушыларға бірнеше байланыс арналарын ұсынады:

- 1403 байланыс орталығы;

- www.qaj.kz ресми интернет-ресурсы;

- Telegram бот (@qazavtojolbot, @CallCenterQaj_bot) және WhatsApp мессенджері (+7 775 001 1403).