Жолшылар марапатталды
Көлік қызметкерлері күні мерекесі қарсаныңда ұзақ жылдар бойы еліміздің жол саласында аянбай еңбек етіп, айрықша үлес қосқан «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ қызметкерлері Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген мемлекеттік наградаларға ие болды.
Күрделі әрі жауапты сала қызметкерлері арасынан 20 жылдан астап автожол саласында аянбай тер төгіп, мінсіз еңбек етіп келе жатқан Андрей Горват пен Қанат Шайминге «Қазақстанның көлік саласының еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.
«Жезқазған Жолдары» АҚ ЖПБ-37 басшысы Айдар Беков «Парасат» орденімен, сонымен бірге, «Қажсервис» ЖШС Жетісу облысы филиалының №90 ЖПБ тиегіш машинисі Серік Жұмағұлов, «Қажсервис» ЖШС Ақтөбе облыстық филиалының Қарабұтақ кенті жол-пайдалану пунктінің жолшысы Әлімбай Сижанов, «Қажсервис» ЖШС Түркістан облыстық филиалының директоры Нұрбол Абызбаев, «Қажсервис» ЖШС Түркістан облыстық филиалының № 68 ЖПБ басшысы Қуат Әмзе, «КАЖсервис» ЖШС Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының № 64 ЖПБ Талшық ЖПП жолшысы Барлыбай Баржанов, «Қажсервис» ЖШС Қарағанды облыстық филиалының Қарқаралы қ. №72 ЖПБ жолшысы Талғат Бекбергенов, «Қажсервис» ЖШС Атырау облыстық филиалының Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі бас маманы Мәдениет Рахметов, «Қажсервис» ЖШС Шығыс Қазақстан облыстық филиалының Пайдалану бөлімінің басшысы Болат Жұртбаев, «Қажсервис» ЖШС Шығыс Қазақстан облыстық филиалының ЖПБ жолшысы Сансызбай Идиатканов, «Қажсервис» ЖШС Шығыс Қазақстан облыстық филиалының № 30 ЖПБ аға шебері Райымхан Нұрбаев «Құрмет» орденімен наградталды.
«Ерең енбегі үшін» медалімен:
- «Қажсервис» ЖШС Көкшетау қаласы филиалының бас инженері - Сулейменов Айтқожа;
- «Қажсервис» ЖШС Қарағанды облыстық филиалының Ақсу-Аюлы кентіндегі №77 ЖПБ таңбалау машинасының операторы - Байжан Ержан;
- «Қажсервис» ЖШС Қызылорда облыстық филиалының №51 ЖПБ жолшысы - Култанов Жұмабай;
- «Қажсервис» ЖШС Көкшетау қаласы филиалының №5 ЖПБ басшысы - Жусупов Жанат;
- «Казахавтодор» РМК Атырау облыстық филиалының экс директоры - Мулдашев Сейтжан;
- «Қажсервис» ЖШС Жамбыл облыстық филиалының № 34 ЖПБ жүргізушісі - Тлеубаев Уалихан;
- «Қажсервис» ЖШС Ұлытау облыстық филиалының №44 ЖПБ механизаторы - Сагинбаев Тулкибай;
- «Қажсервис» ЖШС Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының №63 ЖПБ Петропавл ЖПП әмбебап машинасының машинисі - Станкевичюс Павел марапатталды.
Сондай-ақ, «ҚазАвтоЖол» ҰК»АҚ Қызылорда облыстық филиалы директорының орынбасары Шанжархан Мырзабай мен «Алматы облыстық филиалының Құқықтық, экономикалық жұмыс және сатып алу бөлімінің басшысы Манамша Дурсуноваға «Еңбек ардагері» медалі табысталды.
Елдің дамуы мен жолаушыларды қолайлы қозғалысы жолдардың сапасына тікелей байланысты. Автожол қызметкерлерінің еңбегі – еліміздің инфрақұрылымының іргетасын құрайтын ерекше әрі маңызды сала. Сондықтан жол саласында еңбек етіп жүрген әрбір қызметкер сапалы жолдарды салуға, оларды күтіп-ұстау үшін аянбай еңбек етеді.
Жолшылардың еңбегі – ел дамуының маңызды тірегі.


