icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Құлжа автожолы жаңартылуда

Құлжа автожолы жаңартылуда

Көпшілік арасында Құлжа тас жолы аталып кеткен «Алматы- Көкпек- Көктал- Қорғас» республикалық автомобиль жолының 14-43 шақырым аралығында орташа жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Тәулігіне 60 мың көлік қатынайтын интенсивтілігі жоғары жолдардың бірі. Нысанда 35 жұмысшы және 25 арнайы техника жұмылдырылған.

Қазіргі таңда 29 шақырымда жабынның төменгі қабаты толықтай салынды. 17 шақырымында жоғарғы қабатта гибридті полимерлі қиыршық тасты-мастикалық асфальт төселді. Полимерлі материалдан асфальт төсеу жұмыстары жалғасуда. Барлық жұмыс кезеңдері инженерлік бақылауда және техникалық талаптарға сай жүргізілуде.

Жаңартылған Құлжа автожолы Алматының маңайындағы елді мекендер үшін қолайлы әрі қауіпсіз болып, өңірдің көлік инфрақұрылымының дамуына өз септігін тигізбек.