Алматы облысында “жоғарғы трасса” кеңейтіліп жатыр
Алматы облысында көпшілік арасында “жоғарғы трасса” деп аталатын “Алматы-Шамалған-Ұзынағаш” республикалық маңызы бар автожолдың 20-23 шақырым аралығындағы учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда.
Бұл жол Райымбек ауылы арқылы өтетін республикалық жолдардың бірі. Алматы қаласын Қаскелең, Ұзынағаш секілді іргелес аудандармен жалғайды. Жоғары интенсивті жолда тәулігіне 40 мыңнан астам көлік қатынайды. Кептелісті азайту мақсатында жол биыл кеңейтілуде.
Жол-құрылыс жұмыстары толық аяқталғаннан кейін жергілікті халыққа қолайлы әрі қауіпсіз қозғалыс қамтамасыз етілмек.
Қазіргі уақытта 3 шақырым жол кеңейтіліп, жол жабыны төселуде.


