2025 жылдың басынан бері автожолдардың құрылысына 664,3 мың тоннаға жуық битум қолданылды
Қазақстанда 2025 жылдың басынан бері республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының құрылыс жұмыстарына 664,3 мың тоннаға жуық битум қолданылды. Оның 593,9 мың тоннасы отандық мұнай өңдеу зауыттарында өндірілді (ПМХЗ, Каспий битум, Qazaq Bitum және Асфальтобетон), ал 154,9 мың тоннасы көрші елден импортталды.
Бұл көрсеткіштер еліміздің жол инфрақұрылымын битуммен қажетті көлемде қамтамасыз етілгенін көрсетеді.
Жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарында жол битумы маңызды құрамдас бөлікті атқарып, жол жабынын ұзақ әрі берік қолдануға мүмкіндік береді. Республикалық және жергілікті жол жобаларында отандық және импорттық битум пайдаланылады.


