«Астана - Щучинск» автожолындағы жол-көлік оқиғасы: жүк көлігі төлемақы алу пунктіне соқтығысты
Бүгін, 10 қазан күні республикалық маңызы бар «Астана - Щучинск» автожолының 18 шақырымында жүк көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, жүк көлігінің жүргізушісі «Астана» төлемақы алу пунктіне жақындаған кезде көлікті басқара алмай, шлагбаумға соқтығысып, пункттің конструкциясына механикалық зақым келтірді.
Болжам бойынша жүргізуші көлік тізгінінде мас күйінде болған. Жинақталған барлық материалдар құқық қорғау органдарына жолданды.
Құрметті жүргізушілер!
Көлікті алкогольдік немесе есірткілік мас күйде басқару - адам өміріне төнетін аса қауіпті құқық бұзушылықтардың бірі. Мұндай немқұрайлылық ауыр зардаптарға алып келуі мүмкін.
Жолда өз өміріңіз бен өзге азаматтардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілік танытыңыздар. Мас күйде көлік жүргізбеңіздер!
Өз өмірлеріңізді және жақындарыңызды қорғаңыздар, жол қателіктерді кешірмейді.


