icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Қарағанды облысында «Қарағанды - Қарқаралы» автожолы орташа жөндеуден өтті

Қарағанды облысында «Қарағанды - Қарқаралы» автожолы орташа жөндеуден өтті

Қарағанды облысында «Қарағанды - Қарқаралы» автожолының Көкпекті - Шешенқара бағытындағы учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары аяқталды.

Бұл жол облыс үшін көлік қатынасы тұрғысынан аса маңызды болып табылады, себебі ол Қарағанды мен Қарқаралыны байланыстырып қана қоймай, өңірдің туристік және табиғи нысандарына қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Жолдың жалпы ұзындығы – 200 шақырым.

Ағымдағы жылы ұзындығы 85 шақырым болатын учаскелерде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Соңғы жылдары бұл бағыттағы жолдың барлық 200 шақырымында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілгенін атап өткен жөн, соның ішінде 2021–2024 жылдар аралығында Қарқаралы қаласына дейінгі 115 шақырым жол жөнделді.

Аталған жобаның сәтті іске асырылуы көлік қатынасының қолжетімділігін айтарлықтай жақсартып, өңірдегі туризм мен экономиканы дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады.