icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының басшысы Дархан Иманашевтың автожол саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен құттықтауы

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының басшысы Дархан Иманашевтың автожол саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен құттықтауы

Құрметті әріптестер, ардагерлер және автожол саласының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - автожол саласы қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке еліміздің экономикалық дамуы мен өңірлердің өзара байланысын қамтамасыз ететін маңызды саланы таңдаған барлық азаматтарды біріктіреді. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында жаңа магистральдар салынып, жол желісі жаңғыртылып, миллиондаған қазақстандықтардың қозғалысы қауіпсіз әрі жайлы болуда.

Жол саласы - бұл тек инфрақұрылым емес, ол ел дамуының күре тамыры, экономика мен әлеуметтік тұрақтылықтың басты арқауы. Сіздердің адал еңбектеріңіз, жауапты қызметтеріңіз мемлекетіміздің өркендеуіне және азаматтардың әл-ауқатына зор үлес қосып отыр.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, барлық сала қызметкерлеріне еңбектеріңізге, кәсіби шеберліктеріңізге және жауапкершіліктеріңізге шынайы алғысымды білдіремін. Сондай-ақ, саланың дамуына өлшеусіз үлес қосқан ардагерлерге ерекше құрметімді айтамын.

Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен құт-береке, сондай-ақ еліміздің игілігі жолындағы еңбектеріңізге жаңа табыстар тілеймін. Еліміздің жолдары жаңғырып, еңбектеріңіз жемісті болсын!

Құрметпен,

Дархан Иманашев

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы