Жетісу облысында «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» автожолы қайта жаңартудан өтті
Республикалық маңызы бар «Алматы-Өскемен» автомобиль жолының Жетісу облысына қарасты 287-615 шақырым аралығындағы «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» автожолын қайта жаңарту жобасы аясында ауқымды жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде жалпы ұзындығы 314 шақырымды құрайтын автожолдың 480-615 шақырым аралығы қолданысқа берілді.
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында келесі жұмыстар атқарылды:
- Ақпараттық таблоидтармен жабдықталған бақылау аркалары орнатылды;
- Жарық тіректері мен бейнебақылау камералары қойылды;
- Жол бойына арнайы тор қоршаулары орнатылды;
- Термопластикалық жолақ сызықтары мен жол белгілері жүргізілді.
Барлық жұмыстар заманауи стандарттарға сәйкес орындалып, халық игілігіне пайдалануға берілді.


