Өткен аптада 1403 байланыс орталығы 12 мыңнан астам өтінімді өңдеді
Өткен аптада 1403 байланыс орталығының операторлары республикалық жолдарға қатысты 12 мыңнан астам өтінімді қабылдап, өңдеді.
Азаматтарға қолайлы әрі жедел ақпарат беру үшін интерактивті дауыстық меню (IVR) жүйесі іске қосылған. Осы жүйенің көмегімен 945 өтінім операторлардың қатысуынсыз автоматты түрде өңделсе, операторлар 10 380 қоңырауға жауап берді. Сондай-ақ, мессенджерлер арқылы 1 086 азаматтардың өтінімдері қабылданды.
Республикалық жолдарға қатысты ең көп хабарламалар Ақмола, Түркістан, Жамбыл және Қызылорда облыстарынан келіп түсті. Барлық өтінімдер регламентке сәйкес уақтылы орындалды.
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы пайдаланушыларға бірнеше байланыс арналарын ұсынады:
- 1403 байланыс орталығы;
- www.qaj.kz ресми интернет-ресурсы;
- Telegram бот (@qazavtojolbot, @CallCenterQaj_bot) және WhatsApp мессенджері (+7 778 001 1403).


