icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

ҚазАвтоЖол және Qarmet Recycling экологиялық жол технологиялары саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

ҚазАвтоЖол және Qarmet Recycling экологиялық жол технологиялары саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мен «Qarmet Recycling» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жол құрылысы саласында өндірістік қалдықтар мен қайталама материалдарды пайдалану көлемін ұлғайтуға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға отырды.

Құжатқа «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Иманашев және «Qarmet Recycling» ЖШС Бас директоры Сергей Малыхин қол қойды.

Аталған келісім 2025 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің №200 бұйрығын орындауға және автожол жобаларында өндірістік қалдықтарды пайдалану көлемін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруға бағытталған.

Меморандум аясында тараптар заманауи және экологиялық таза технологияларды енгізу арқылы бастапқы табиғи ресурстарды тұтынуды азайтуға және қоршаған ортаға теріс әсерді төмендету бойынша бірлесе жұмыс істеуге уағдаласты.

Тараптар өзара құрмет, сенім және ашықтық қағидаттарына негізделген ұзақ мерзімді әрі тиімді ынтымақтастық орнатуға дайын екендіктерін білдірді. Бұл өз кезегінде Қазақстанның заманауи, қауіпсіз және экологиялық таза көлік инфрақұрылымын дамытуға серпін бермек.