Солтүстік Қазақстан облысында «Жезқазған - Петропавл» автожолы орташа жөндеуден өтті
Солтүстік Қазақстан облысында республикалық маңызы бар «Жезқазған - Петропавл» автожолының 919-946 шақырым аралығындағы учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Жөндеу жұмыстары барысында 26 шақырымдық жолдың негізі суық ресайклинг әдісі арқылы жаңартылды. Сонымен қатар, екі қабатты асфальтбетон төселіп, жол жиегі нығайтылды. Съездер мен демалыс алаңдарында да жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жол жабыны жаңартылды. Автопавильондар да ауыстырылып, сапасы арттырылды. 26 шақырымда жол белгілері орнатылып, таңбалары сызылды.
Мамандардың айтуынша, жолдың жөндеуден өтуі көлік қозғалысының қауіпсіздігін арттырып, жол сапасын ұзақ уақытқа қамтамасыз етеді. Бұл өңірде көлік қатынасының жеңілдеуі мен жолдағы жайлылық деңгейінің артуына елеулі үлес қосады.


